ЕГЕМЕНДІ ЕЛІМ

ЕГЕМЕНДІ ЕЛІМ
Әні: Қ.Төкебаевтікі

Егеменді елім –ай,
Айдын шалқар көлім –ай.
Арайланып таңы атқан,
Ұлан байтақ жерім –ай.

Қайта оралды дінім де,
Қайта туды күнім де.
Еркіндігі берілген,
Байтақ елім бүгінде.

ҚАЙЫРМАСЫ:
Аман жүрсін халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Жасай берсін мәңгілік,
Дәстүріміз, салтымыз.

Ашық болсын аспаным,
Бақыт болсын тосқаным.
Ден сау болсын, ағайын,
Керегі не басқаның.
Өмір деген өзгерер,
Бәрін оның көз көрер.
Сырларымды іштегі,
Білмей өтсін өзгелер.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Гүл жайнасын даламыз,
Сәнді болсын қаламыз.
Ұл-қызына қуансын,
Ата мене анамыз.
Қаз жайласын көлімді,
Қуантайын елімді.
Таптамасын дұшпандар,
Жасыл желек гүлімді.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий